Стадиондар
Өскемендегі "Восток" стадионы 1963 жылы салынған. 8500 көрермен сияды. 2010 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. УЕФА стандарттарына жартылай жауап береді. Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне дейінгі матчтарды өткізуге болады.
Семейдегі "Спартак" стадионы 1967 жылы салынған. 2003 жылы қала әкімдігінен 25 миллион теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Стадионға он мың адам сияды. Футбол алаңында әзірге УЕФА аясындағы жарыстар өткен жоқ
Алматы қаласындағы Орталық стадион Қазақстандағы халықаралық стандарттарға сай келетін төрт стадионның бірі. 1958 жылы салынған. 2004 және 2011 жылдары күрделу жөндеу жұмыстары жүргізілді. 24 мыңға жуық көрерменге арналған. Халықаралық деңгейдегі ірі жарыстарды өткізуге рұқсат алған.
Талдықорғандағы "Жетісу" стадионы тек Еуропа лигасының іріктеу матчтарын қабылдай алады. Ал топтық кезең ойындарын қабылдауға футбол алаңы жағдайы жоқ. Демек, стадион халықаралық стандарттарға жартылай жауап береді.
Оралдағы Петр Атоян атындағы стадион 1927 жылы салынған. 2003 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. 8320 адамға арналған орын бар. Бірақ УЕФА тарапынан сертификат алған жоқ.
Атыраудағы "Мұнайшы" стадионы 1950 жылы салынған. 1999 жылы жөндеу жүргізілген. 2012 жылы стадионның қауіптілігіне байланысты Қазақстан футбол федерациясы стадионда ойындар өткізуге тыйым салған. 2012 жылдың соңында стадионға екінші мәрте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, матчтарды қабылдауға рұқсат алды. ҚФФ мәліметіне сүйенсек, стадион халықаралық стандарттарға сай келмейді.
Ақтөбедегі Орталық стадион 1975 жылы салынған. 2000 жылы күрделу жөндеу жұмыстары жүргізілген. Стадионда 13500 орын бар. Қазақстандағы халықаралық стандарттарға толық сай келетін үш алаңның бірі.
Қостанайдағы Орталық стадион да халықаралық стадиондарға жартылай жауап береді. Стадионда чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне дейінгі матчтарды өткізуге болады. Стадион 1964 жылы салынып, 2004 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. 8000 көрерменге арналған орын бар.
Астанадағы "Астана-арена" Қазақстандағы ФИФА және УЕФА стандарттарына толық жауап беретін стадион. 2009 жылы салынған. Стадионның үсті ашылмалы-жабылмалы шатыр орнатылған. Стадионда 30000 адам сияды.
Павлодардағы орталық стадион 1947 жылы ашылған. 2001 және 2007 жылы екі рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Еуропалық жарыстардың іріктеу кезеңдерін өткізуге рұқсаты бар. 12 мыңға жуық адам сияды.
Қарағандыдағы "Шахтер" стадионы 1958 жылы салынған. 2001 жылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2006 жылы УЕФА тарапынан арнайы сертификат алған. Алаң Еуропа футбол қауымдастығы ұйымдастыратын жарыстардың іріктеу кезеңдерінің матчтарын қабылдай алады. "Шахтер" футбол алаңы 19 мың көрерменге арналған.
Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион халықаралық талаптарға сай келмейді. 2012 жылы УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтарын өткізуге рұқсат бермеді. Стадион 1969 жылы салынған.
Тараздағы Орталық стадион 1966 жылы салынып, 2002 жылы жөндеуден өткен. Жамбыл облыстық әкімдіктің дерегіне сүйсенсек, жөндеу жұмыстарына 176 миллион теңге бөлінген. Стадионда ойнайтын "Тараз" командасы Еуропа жарыстарына қатыспағандықтан, алаң УЕФА сертификатын алуға ұсыныс білдірмеген.
Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадион 1968 жылы салынған. УЕФА тарапынан халықаралық стандарттарға сай келетінін растайтын сертификат алмаған. Стадионға 7300 адам сияды.
Петропавлдағы Қарасай батыр атындағы стадионның халықаралық талаптарға сай келетін сертификаты жоқ.
Көкшетаудағы "Жастар" стадионында халықаралық сертификат жоқ.

This site uses cookies to deliver our services. By using our site, you acknowledge that you have read and understand our Terms of Service and Cookie Policy. Your use of ThingLink's Products and Services, is subject to these policies and terms.